АЙМАҚ БАСШЫСЫ М. ДОСМҰХАМБЕТОВ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ken-zhyloi.kz

Қайырлы таң, құрметті жерлестер!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл — қайырымдылық пен ізгілік әдеттегіден ерекше салтанат құратын кез. Сондықтан Құрбан айт бағзыдан әлсізге қорған болып, жетім-жесірді жебейтін ұлтымыздың қанына біткен қайырымдылық дәстүрлерімен әдемі үндеседі.

Мемлекетіміз келісім мен ынтымақ, тұрақтылық пен бейбіт даму сынды құндылықтарды ту етіп ұстап келеді. Құрбан айт мейрамы ел бірлігі мен рухани тұтастығымызды нығайтуға да елеулі үлес қосуда. Атымтай жомарттарымыз мұқтаждарға көмектесу мен жақсылық жасаудан жаңылған емес. Пандемия өршіп тұрған кезде көптеген қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Ел үшін істеліп жатқан бұдан өзге де игі істер көп. Осындай жақсылықтарға бастамашы болып, қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріме шынайы ризашылығымды білдіремін.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, құрбандық шалу рәсімдері кезінде сақтық шараларын ұстанып, карантин талаптары шеңберінде орындауға шақырамын!

Құрметті жерлестер, Қасиетті мейрамда жасаған ізгі амал-ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Әрбір отбасына амандық, береке, ал елімізге бірлік пен тыныштық тілеймін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз