Мемлекет басшысы Қазақстанның «таза» атом электр энергиясына мұқтаж екенін жиі көтеріп жүр. Қазан айында аталған тақырыпты талқыға салатын референдум өтеді. Мұндай маңызды мәселеде халықтың пікірімен санасу – үлкен көрегендік. Ал АЭС салудың артықшылықтары туралы көп айтуға болады. Бірдей қуаттылықтағы күн және жел электр станцияларына қарағанда айтарлықтай аз аумақты алады. Бұл орман және ауыл шаруашылығына арналған құнды жерлерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үлкен су қоймаларын құруды және аумақтарды су басуын қажет ететін су электр станцияларымен салыстырғанда АЭС құрылысы табиғи ландшафтқа әсерінің аз екенін де айту керек. Тағы бір тұсы – су қорларын сақтап қалуда да маңызы зор. Қазір жаһандану кезеңінде, ғылым мен технологияның дамыған шағында заманауи АЭС-та жылу электр станцияларымен салыстырғанда тұщы суды тұтынуды айтарлықтай төмендететін тұйық сумен жабдықтау циклі пайдаланылады. Аталған электр станциясы кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр станцияларына қарағанда су қоймаларына зиянды заттарды тастамайтынын да ұмытпаған жөн. Ал, экономикалық артықшылықтарға тоқталар болсақ, баға тұрақтанады. Уранның құны АЭС-та электр энергиясын өндіруге жұмсалатын жалпы шығындардың аз ғана бөлігін құрайды. Бұл атомдық электр энергиясының бағасын қазба отынынан өндірілетін электр энергиясымен салыстырғанда тұрақты және болжамды етеді. Тұтынушылар мен инвесторлар үшін тұрақтылықты қамтамасыз ететін тұрақты баға бойынша электр энергиясын жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі пайда болады. Бұл орайда, ел арасында мамандардың қарапайым тілмен түсіндіргені керек. Дамыған елдерде АЭС-тер бір-бірден емес, бірнешесі бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Байқасаңыз, елімізде өндірілетін электр энергиясының 87 пайызы жылу электр станцияларына тиесілі екен. Біз қолданып жүрген электр станцияларының ішінде органикалық отындағы жылу станцияларының зиянды әсері көп. Тағы бір айтарым, АЭС салу электр энергиясы тапшылығын жояды, құны да төмендеуі мүмкін. Атом электр станциялары тәулік бойы және жыл бойы дерлік жұмыс істейді, бұл белгіленген қуаттылықтың жоғары пайдалану коэффициентін және инвестицияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазақстанда АЭС салу үшін қай мемлекеттің тәжірибесіне сүйенген дұрыс? Қалай болғанда да әскери-саяси тәуелсіз елдерді қарастырған жөн.
Мейірбек ҒҰБАШЕВ, «Атырау-Жарық» АҚ президенті
АЭС жылдар бойы жұмыс істейді
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 128