«АЭС салуға хақымыз бар»

Елімізде Атом электр станциясын салудағы басты мақсат - Қазақстанның негізгі энергия көзі қылып, энергия жүйесінің дамуына тұрақты ықпал ету. Біздің елде энергия көзінің жетіспеушілігі қордаланған мәселе екендігі бәрімізге аян.
Иә, шынымен де айдың күннің аманында жарық өшіп қалатын аймақтар аз емес. Мұндай жағдай мұнайлы мекен – Құлсары мен іргелес ауылдарда көп кездеседі. Тіпті, Атырау қаласының өзінде екі күннің бірінде жарық жалп етеді. Ал, қазіргі заманда барлығы да электрлік жүйеге көшкен. Осыдан кейін оны тіршілік көзі демей не дейміз?!

Қарапайым мысал: қыста жылу беріп, қалтамыздағы смартфонды қуаттау үшін де энергия көзі ауадай қажет. Былайша айтқанда, қолданатын күнделікті құрал-жабдығымыздың ауасы, һәм жанар-жағармайына айналды десек те болады. Бірақ, бұрыннан келе жатқан ЖЭС-тер ескірген, кей технологиялардың тозығы жеткен. Осының барлығының орнын толтыратын жалғыз жол- АЭС. Қазірдің өзінде энергия көзіне тапшылық қиындық тудырып отыр. Тиісті шаралар қолданбасақ, алдаға уақытта ахуал одан әрі күрделеніп кетуі ғажап емес. Ал, онсыз өнеркәсіпті дамыту мүлдем мүмкін емес. Дәл осы жайттарды ескере отырып, АЭС салу уақыттың еншісінде дегім келеді. Ел Президенті: "Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден хақымыз бар" деген еді.

Олай болса, бұл шаруаны көп кешікпей қолға алуымыз керек деп есептеймін. Өйткені жарқын болашақ жаңа бастамаларды талап етеді.

Марат Баймұратұлы, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521