АЭС салуға іргелі өзгеріс қажет

Адам іс-әрекеті нәтижесінде парниктік газдың шығарылуы климатты нашарлатып, ауаны ластайды. Сондықтан әр ел электр энергиясын өндіру мәселесін қоршаған ортаға зиянсыз технологияға көшіруге тырысады.

Табиғи уран өндіруде әлем¬дік өндірістің 50%-дан астамын өн¬діретін елміз. Біздегі кен орын-дарының бірегейлігі – оны ұңғы¬мада жерасты шаймалау (ЖАШ) әдісімен игеруге мүм¬кіндік бар. МАГАТЭ классификациясына сүйенсек, біздегі уран кен орын¬дарының көпшілігі рулон типті құмтас кен орны санатында.
«Елдегі энергия өндірісінің шамамен 70%-ы көмірге негіз¬делген электр стансаларынан алына¬ды. Бұл еліміздің энерге¬тикалық жүйе¬сі көмірге тәуелді екенін көрсе¬теді. Ал гидроэнергетика үле¬сі шамамен 10%-ды құрайды. Мұ¬най мен газ өндіру де маңызды, бірақ оның көп бөлігін экспортқа жібереміз. Жаңартылатын энергия көздері де дамып жатыр, алай¬да жалпы үлесі әзірге аз. Осы тұр¬ғы¬дан алғанда, АЭС салу ел¬дің энер¬гетикалық тәуелсіздігін арт¬ты¬рып, уран қорын тиімді пай¬да¬ла¬нуға мүмкіндік береді. Бұл жоба ұзақмерзімді эконо¬ми¬ка¬лық пайда әкеліп, экология¬лық жағынан таза энергия көзі бола алады. Сонымен қатар АЭС тұрақты энергиямен қамта¬ма¬сыз етіп, жаңартылатын көз¬дер¬¬ге қосымша ретінде қыз¬мет етеді. Технологиялық даму мен ха-лықаралық ынтымақтас¬тықты күшейту де маңызды артық¬шылықтар қатарында. Алайда қауіпсіздік пен қалдықтарды басқаруға ерекше назар аудару қажет», дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы.
«Halyk Finance» басқарма төраға¬сының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың айтуынша, ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізіп отырған 4 негізгі проблема бар.
«Елдегі электр энергиясының тап¬шы¬лығы аймақтарға біркелкі бөлін¬бе¬ген. Көмір зауыттары мен электр желі¬лерінің жоғары тозуына байланыс¬ты елде электр қуатымен қамтамасыз ету тиісті деңгейде сенімді емес. Төмен тарифтерге байланысты электр энергетикасы саласындағы бизнес рентабельді емес, бұл ағымдағы жөндеуге, жаңа қуат¬тар мен желі¬¬лерді салуға инвестиция¬лар¬¬ды айтарлықтай қысқартады. Ме쬬¬лекеттің жеке бизнестің орнына электр энергетикасына инвестицияларды қаржыландыруға қосымша қаражаты жоқ. Өкі¬нішке қарай, бұл мәселелер 20 жылға жуық уақыт бойы шеші¬мін таппай келеді. Қазір де мем¬лекет тарапынан оларды ше¬шу¬дің нақты реформалық бағдар¬ламасы жоқ», дейді.
Электр энергетикасы саласында жеке инвестицияның өте төмен деңгейімен байланыс¬ты терең проблема жинақта¬лып қалды. Кейінгі 10–15 жылда электр, жылумен жабдықтау сала¬сында ағымдағы жабдықтар мен ғимараттарды жөндеуге, жаңар¬туға қаражат жетпейтін бол¬ды. Бұл ретте  мемлекет қана жаңа генерациялауға, электр беру қуаттарын салуға инвестиция құйып жатыр. Сондықтан салада негізгі қордың өте жоғары тозу деңгейі байқалады. Бұл об¬лыс пен республикалық дең¬ге鬬дегі дағдарысқа әкеліп соқ¬тырады.
«Үкіметтің стратегиялық құ¬жат¬та¬рында негізгі сұрақтың жауабы түсініксіз: елде электр энергетикасын дамытуды қалай қаржыландыру керек? Оны екі сұраққа бөлуге болады: Салаға жеке инвестицияны қалай тар¬туға болады? Егер жеке инвести¬ция келмесе, мемлекеттік бюд¬жет тапшылығын ескере оты¬рып, электр қуатын өнді¬ру қуатын арттыру қалай қаржылан¬дыры¬лады? 2023–2029 жылға арнал¬ған тұжырымдамада электр энер¬гетикасын дамытуға қатыс¬ты үш маңызды мәселе қарасты¬ры묬маған: Негізгі қордың тозуын азайту мен электр энергиясы тап-шылы¬ғын жоюға қанша инвестиция қажет? Бұл инвестицияны кім, (мемлекет, жеке бизнес) қалай қаржыландырады? Жеке инвес¬тицияны тарту мен ин¬вестиция қайтарымы, рента-бельділігін қам¬тамасыз етуге электр энергия¬сы тарифін қанша көтеру керек? Құжат осы сұрақ-тарға жауап беруге тиіс еді», деп ойын жалғады М.Темір¬ханов.
Сарапшы пайымынша, АЭС салу туралы бастама – дұрыс ше¬шім, дегенмен құрылысты бас¬¬тамас бұрын электр энергетика¬сында түбегейлі, қайтымсыз рефор¬малар жүргізу қажет.
«Ұлттық ядролық орталық» РМК Ас¬тана филиалының директоры Майра Мұқышеваның айтуынша, әлемнің дамыған озық елдері атом энергия¬сын бей¬біт мақсатта пайдалануды же¬дел¬д-етіп жатыр. Ұлттық ядро¬лық орталық¬тың (ҰЯО) негіз¬гі құзыреттерінің бірі – атом энер¬ге-тикасының қауіп¬сіздігіне қатыс¬ты тың зерт¬теулер жасау. Орта¬лық ғалымдары жүр¬гіз¬ген зерт-теулер нәтижесі ядро¬лық техно¬логиялардың ірі өндіру¬шіле¬рінде үлкен сұранысқа ие. Мыс¬алы, CORMIT жобасы ая¬¬сында алынған ғылыми дерек¬тер Жа¬по¬нияда жұмыс істеп тұ𬬬¬ған АЭС-те белсенді аймақ¬тың арнайы балқыту тұзақ¬та¬рын салу кезінде сәтті іске асы¬рыл¬ды. Ядро¬лық орталық IV буын реак¬тор¬ларының қауіпсіздігі са¬ла¬сын¬да таяу болашақта атом энер¬гети¬касының негізіне айналатын сұйық металмен сал¬қындатылған жылдам нейтрон¬дардағы реак¬тор¬лар¬¬дың үлкен көлемін анық¬тауда ауқы쬬ды жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қазір Ядролық физика инс¬титутында білікті, тәжірибелі мамандар, инженерлік-техни¬калық персоналды йондау¬шы сәулелену көздерімен жұ¬мыс істеуді ұйымдастыру әдіс¬т嬬ріне, атом энергиясын пай¬далану сала¬сын¬дағы қол¬да¬ныс¬тағы нор¬малар мен қа¬ғида¬ларға сәй¬кес йон¬дау¬шы сәуле¬лену көзде¬рімен қауіпсіз жұмыс істеу қағи¬да¬ларына, радиа¬циялық жағдай¬дағы жұмыс¬тарды ба¬қы¬лауға оқы¬татын Радиа¬ция¬лық қауіп¬сіз¬дік жөніндегі оқу орталығы жұ¬¬мыс істейді. Соны¬мен қатар 2016 жы¬лы Үкімет бас¬тамасымен АҚШ Энер¬гети¬ка министрлігінің Ядролық қауіп¬сіздік жөніндегі ұлттық әкімші¬лігі¬нің қолдауымен институт базасын¬да Ядролық қауіп¬¬сіздік жөніндегі оқу орталы¬ғы ашылған. Бұл орталық МАГАТЭ ядролық физикалық қауіп¬¬¬сіз¬¬дік саласындағы оқыту және қыз¬мет¬ке жәр¬демдесу ор¬тବлық¬та¬рының халық¬ара¬лық же¬лі¬сіне кіреді», дейді Ядролық фи¬зи¬ка институтының аға ғылы¬ми қызмет¬кері, PhD Дмитрий Шлимас.
Мысалы, Ядролық физика инс¬ти¬тутының Астана фи¬лиବ¬лында ядролық жол мембрана¬ларын өндіруге бастап¬қы материал ретінде пайдаланылатын сәу¬лелендірілген полимерлі пленка өн¬ді-рісі жолға қойылған. Ол жоғары технологиялық өнім¬дерді өндіруге негіз болады. Олар көпфункционалды, тіпті медицина мен нанотехнология саласында да жиі сұранысқа ие. Инс-титут сонымен қатар радио¬фармацевтикалық препарат¬тардың бірнеше түрін шыға¬рып, республикалық емдеу мекеме¬леріне жеткізеді.
«Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС жетекші ин¬женері Асуан Сиябековтің сөзін¬ше, еліміздің бұл салада өте үлкен ғылыми әрі кадрлық әлеуеті бар.
Ұлттық ядролық орталық пен кәсі¬би ортада көпке жақсы таныс Ядролық физика институты табысты жұмыс істейді. Оның айналасында ғылыми зертханалар мен зерттеу орталық¬тары шоғырланған. Атом сала¬сын¬дағы мамандарды төрт жетек¬ші жоғары оқу орны даярлайды. 2010 жылдан бас¬тап «Бо¬лашақ» бағдарламасы аясын¬да «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы мен бөлшектерінің физикасы», «Техникалық физика» (Атом электр стансалары мен қондыр¬ғылары), «Ядролық инженерия» бағытында мамандар даярланды», дейді маман.
Еуразия ұлттық университеті Ядро¬лық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының докторанты Нұргүл Сол¬танбектің айтуынша, қазір бұл университетте Ядролық физика кафедрасының жұмыс істеп жат¬қанына 15 жылдан асты. Онда 600-ге тарта бакалавр, 200-ден астам магистрант, 100-ге тарта докторант даярланған.
«Біздің кафедраның өзгелер¬ден ерекшелігі – бакалавр студенттер 4 жыл емес, 5 жыл бойы білім алады. Себебі соңғы курс¬та арнайы бағдарлама арқылы Ресейдің Дубна қаласындағы ғылыми орталыққа барып, білі¬мін толықтырады. Сөйтіп, біздің бакалаврлар екі жоғары оқу ор¬нының дипломын қатар алып шығады. Елімізде ядролық физика саласының қаншалықты маңызды еке-нін, бүкіл әлем ел¬дерінде осы сала мамандары үл¬кен сұранысқа ие екенін осыдан да көруге болады. Сондықтан әр¬бір отандасымыз бейбіт атом – бо¬лашақтың сенімді энергия көзі екенін терең түсініп, ұққаны дұ¬рыс», дейді докторант.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT