АЭС салу – экономикалық және экологиялық тиімді шешім

Отандық экономиканы дамыту үшінтұрақты энергия көзі қажет, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Біздің елде атом энергетикасын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Соны тек дұрыс және тиімді пайдалану керек. Қазір атом электр станциясының құрылысы қоғамда қызу талқылануда. Бұл жағдайда мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде атомэлектр станциясының ел үшін пайдасымен артықшылықтары туралы айтқым келеді. Жалпы, атом электр станциялары энергетикада маңызды рөл атқарады.Олар көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтады. Бұл өз кезегінде климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, атом электр станциялары тұрақты және сенімді энергия көзі болып саналады. Өйткені, олар ұзақ уақыт жұмыс істей алады жәнекөп мөлшерде электр энергиясын өндіреалады. Сондай-ақ, халық тарапынан атом электр станцияларының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға әсеріне қатысты алаңдаушылық та жоқ емес.
Рас, атом энергиясын пайдалану кезінде радиоактивті сәуле бөліну қаупі бар және радиоактивті қалдықтарды сақтауда қиындықтар туындауы мүмкін. Тіпті, аяқ астынан апатты жағдай орын алған жайттар да тарихтан белгілі. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Ең бастысы, пайдасы мен зияны арасындағы тепе-теңдікті тұрақты ұстай білу қажет. Сонда энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты бірдей қамтамасыз етуге болады. Жалпы, елімізде атом электр станцияларын салудың бірқатар артықшылықтары бар. Бұл - көмірқышқылгазының шығарындыларын азайту, ауа райына тәуелді емес тұрақты және үздіксіз электр энергиясын өндіру, жерді ауыл шаруашылығы мен басқа да мақсатта үнемдеу, сыртқы энергияға тәуелділікті азайту. Атом электр станциялары ішкі энергия көзі болып табылады. Оны салу және пайдалануұзақмерзімді экономикалық пайдаәкеледі. АЭС ел экономикасы менэкологиясын жақсартудың бір жолы деп айтуға болады.

  Еламан АБЕЖАНОВ,

Атырау мұнай және газ университетінің жастар саясаты мен әлеуметітк мәселелер жөніндегі проректоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT