Ақкиізтоғай ауылдық округінде ардагерлер мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен алдағы өтетін республикалық референдумға байланысты талқылау өткізілді. Әсіресе Қазақстанға Атом электростанциясын салу не үшін қажеттігі кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында Президентіміз Қ.Тоқаевтың соңғы Жолдауында көтерілген мәселелер сөз болды. Аталған жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүбарак Бектембаев спикер ретінде өзінің ойын нақты жеткізіп, көкейде жүрген көп сауалдың түйінін тарқатты. Одан бөлек аналар кеңесінің төрағасы мен мүшелері де белсенді қатысып, бір кісідей орамды ойларын ортаға салды. Ерназ Алтайұлы
АЭС: орамды ойлар негізі
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 164