Ауданда Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен АЭС-ке байланысты пікірталас өтті. Еліміздегі маңызды мәселеге орай өз ойын ортаға салған әйелдер қауымының қоғаммен тығыз байланыста болып, ел болашағына алаңдау білдіргендері көңіл қуантты.
Жиында сөз бастаған аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мадина Сабыржанқызы:
-Бұл кез келген қазақстандықты уайымдатқан мәселе болды. Еліміздің ілгері жылжуын қалайтын болсақ, бұл жобаның салынуын қолдауымыз керек деп ойлаймын. Біз білетін дамыған мемлекеттерде бір емес, бірнеше атом электр стансасынан бар. Ол дегеніміз заманның көшінен қалмау, озық технологияға ұмтылу. Мұндай мүмкіндікті уақытында пайдаланып қалуымыз керек,-дейді ол.
Жиын барысында көпбалалы аналар да өз пікірін білдіріп, ірі жоба жөнінде ашық ойларын айтты. Атом электр станциясы жөнінде тың ақпараттар беріліп, жиналғандардың көкірек көкжиегін оятты.
Еске салсақ, қазанның 6-сы күні өтетін жалпыұлттық реферундум шешімі халықтың дауысымен анықталады. Қала тұрғындарының сайлаудан қалмай өз дауыстарын беруі мемлекет болашағы үшін өте маңызды болмақ.
Диана Ізбасарқызы