АЭС құрылысын талқыға салды

Ауданда белсенді ұзақ өмір сүру орталығында референдумға байланысты дөңгелек үстел өтті. Жиынға өз пікірін ортаға салуға ауданымыздың белсенді азаматтары мен бір топ ардагерлер қатысты. Атом электр станциясын салу қоғамдық маңызы бар мәселеге айналып, еліміздің әр өңірінде талқыға түсуде.

Жұртшылық пікірін екіге бөлген өзекті тақырып кімді де болса алаңдатпай қоймайды. Оның қалай салынатындығы, құрылысты кімдердің жүргізетіндігі халықтың үлкен уайымына айналды. Осы сынды көкейде жүрген сұрақтардың жауабын іздеп, ой-пікір тыңдап, көзқарастарын білу мақсатында өткен жиын ауданымыздың ардагерлер кеңесі төрағасы Гайдар Арыстановтың ұйымдастыруымен өткен болатын.

Еліміздің АЭС салуына өз пікірін білдіргісі келетін азаматтардың басын қосып, жоба бойынша пікірталас туындатқан жиында құрылыстың елімізге қажет екенін айтқан жандардың қарасы көп болды. Айта кететін жайт, халықтың дауысымен ғана шешілетін бұл жоба қазанның 6сы күні өз шешімін табады. Еліміз үшін жауапкершілігі мол мәселе үшін әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Сондықтан жиын қатысушылары қала тұрғындарының өз сайлау учаскесіне барып дауыс беруін сұрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521