АЭС: Халықтық штаб Атырауда ғалымдармен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб еліміздің мұнайлы астанасы – Атырауға келді. Мұнда ғылыми қауымдастықпен, ЖЭО қызметкерлерімен, өндірушілермен, мұнай-газ және химия өнеркәсібінің өкілдерімен бірқатар кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде оқытушылармен және өңірдегі жоғары оқу орындардың жас ғалымдарымен кездесу ұйымдастырылған. Штаб мүшелері ғылымды дамыту және ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті. Қазір ғылыми қоғамдастықтың алдында өнеркәсіптік өндіріске инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді енгізуге қатысты үлкен міндет тұр. Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев  Халықтық штабтың өңірлерге сапарының басты мақсаты – тұрғындармен ашық әрі шынайы әңгімелесу екенін тілге тиек етті. «Әлем бір орында тұрмайды. Қазақстан да алға қадам басуда. Біз тұрғындарға атом саласында, атом энергетикасында қандай жаңалықтар бар екенін айтып, еліміздің жеткен жетістіктермен бөліскіміз келеді. Әлемнің ажырамас бөлігі ретінде біздің де айтуға, мақтануға және көрсетуге тұрарлық жетістіктеріміз бар. Атом энергетикасы тек атом электр станциясы ғана емес, сонымен қатар ол экономиканың кез келген саласында қолданылады. Бұл туралы бүгін Атырау облысының тұрғындарымен сөйлестік, олардың пікірлерін білдік», деді  Саябек Сахиев. Атырау ЖЭО ұжымымен кездесу барысында Штаб мүшелері ТКШ жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін тұрақты әрі сенімді энергия көзі қажет екенін айтты. Бүгінде Атырау облысы ең жоғары жүктемелер кезінде көп жағдайда Ресейден жеткізілетін энергияға тәуелді. Қыруар қаржылық шығындардан бөлек, энергия жетіспеушілігі өндірістік міндеттерді де шешуге мүмкіндік бермейді. Жуырда еліміздің батыс өңірлерін бірыңғай энергия жүйесіне қосу жұмысы басталады. Сонымен қатар пропилен өндіретін «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС зауытында Штаб мүшелері мұнай-газ және химия өнеркәсібі өкілдерімен жүздескен. Жоғары технологиялық өнеркәсіптік өндірісті одан әрі дамытудың және Президенттің 2029 жылға қарай елдегі ЖІӨ-ні екі есе арттыру жөніндегі тапсырмасын орындаудың басты факторы – сенімді әрі тұрақты энергия көзі екені атап өтілді. Кейіннен Штаб мүшелері «Дәулет» индустриялық аймағы кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездескен. Мұнда киім тігетін, нан, кондитерлік өнімдер, макарон өнімдерін, ет консервілерін, ауыз су, құрылыс қоспаларын және тағы да басқа заттарды өндіретін компаниялар жұмыс істейді. Өзге өңірлердегі секілді мұндағы бизнес өкілдері де қазіргі энергия тапшылығы жаңа технологияларды іске қосуға мүмкіндік бермейтінін және өндірістің дамуын тежейтінін мәлімдеді. Көптеген перспективалы жобалар электр энергия тапшылығына байланысты жүзеге асырылмайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521