Адвокат тату болса...

Жақында аудандық сотта ерлі-зайыптының ортақ мүлкін бөлуге қатысты азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында екі жақтың адвокаттары Ж.Қазиева мен Қ.Жұмағалиев дауды бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізді. Сот процесі үстінде олар ерлі-зайыптының бір-бірімен келісімге келгенін мәлім етті. Келісім бойынша жауапкер талап қоюшыға белгіленген уақытта 1 500 000 теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттенді. Ал талапкер болса өз кезегінде талап арызынан бас тартатын болды.

Адвокаттар соттан осы келісімді бекітуді және істі тоқтатуды сұрады. Аудандық соттың ұйғарымымен адвокаттар ұсынған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқарды. Талапкерге мемлекеттік баж төлемі қайтарылды.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз