Айт мерекесіне орай жүрегінде иманы бар, жаны жайсаң, жомарт жандар жақсылық жасап жарысуда. Солардың бірі «Руқайя» сауда үйі балаларға қуаныш сыйлады.
Ауданда маусым айының 5-ші жұлдызында, базар маңында балалар жиналып, мәре-сәре болып жатқан көрініс орын алды. Мәз-мейрам, көңілі тоқ балалардың қолдарында балмұздақ, онымен қоса тегін батутта ойнап жатты. Бұны ұйымдастырушылар – «Руқайя» сауда үйі балаларға қуаныш сыйлау мақсатында тегін батутта ойнатып, балмұздақ берді.
Сондай-ақ шарада сауда үйі заттарына осындай атаулы мерекелерде жеңілдіктер болып тұратынын айтты. Ізгі амал ету – адамның бойындағы асыл қасиеті, адамгершіліктің анық көрінісі. Осылайша жақсылық жасау көбейе түссе, кейінгі ұрпаққа зор үлгі болып, нұр үстіне нұр болар еді.
Жаңылхан Рахымғалиева,
Х.Досмұхамедов атындағы университетінің
журналистика мамандығының 3-курс студенті