Адамның мүмкіндігі шексіз

 Иә, тағдырдың тасы түсіп, арбаға таңылса да, санасының ояулығымен, жүрегінің жауынгерлігімен ауыртпалыққа мойымай, алға ұмтылған жандар өз арамызда да бар.

Иә, тағдырдың тасы түсіп, арбаға таңылса да, санасының ояулығымен, жүрегінің жауынгерлігімен ауыртпалыққа мойымай, алға ұмтылған жандар өз арамызда да бар. Олар ештеңеге қарамастан, талантымен, қарапайым еңбегімен қоғамымыздың дамуына үлес қосып жүр.

... «Неге, неге мен?! О, Құдайым, ешкімнің ала жібін аттамап едім ғой...» деген запыран дәмді аһ ұрған өкінішпен оянды ол тоғыз күнге созылған комадан. 26 жастағы жігіт жұмыс орнында өндірістік жарақат алған еді. Бұрғылау мекемесінде бұрғышының көмекшісі боп еңбек ететін ол күндегіше жоғарыда роторда өз міндетін атқарып жатты. Бірақ бұл күні жаңбыр сілбіреп жауып тұрған. Содан ба, қайдам, конусты тұрбаны арнайы құрылғымен тартқанда басы тайқып кетіп, 9 метрлік ауыр тұрба Берекеттің иығына түседі. Нәтижесінде жұлыны жаншылып, кеуде омыртқасы сынып, денесінің төменгі бөлігі жансызданған. Өмірімнің бар қызығы алда дейтін жас жігітке мұндай диагноз тағдырдың ең ауыр үкіміндей естілгені рас...

- Бұл оқиға 2010 жылы 1 мамырда болды. Бұл кезде мен Ақтауда «АсТрасТар» АҚ-да еңбек ететінмін. Содан кейін аяғыма тұра алмай қалдым. Дәрігер анам бар, жан-жақтан консилиумге келген хирургтер бар, ақылдаса келе Германияда немесе Қытайда ота жасатуға кеңес берілді.

 Салтанат Мұратқызы

Толығырақ газетіміздің №23 санынан оқи аласыздар

b

b

b

b

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT