Адалдыққа тәрбиелейтін шара

Адалдыққа тәрбиелейтін шара
Фото: П.Қизатова

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Адал ұрпақ» атты еріктілер клубтары арасында аудандық слет өтті. Слет жасөспірімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке үйрету, жоғарғы моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыруға бағытталды.

Алдымен, 20 мектепте мектепшілік іріктеу кезеңі өтіп, аудандық сайысқа 18 «Адал ұрпақ» ерікті клубы қатысты. Байқау шарты бойынша командалар таныстыру, презентация көрсету, «Ең үздік бұрыш», «Ең үздік жарнама», «Сұрақ-жауап» бөлімдерінен тұратын негізгі бес кезең бойынша бақ сынады. Сайыскерлер креативты идеяларын жан-жақты көрсетуге тырысып бақты. Нәтижесінде түрлі әуезді әндер, мағыналы көріністер қойып, өздерінің шығармашылықтарымен бөлісті.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды №1 мектептің «Адал ұрпақ» командасы жеңіп алды. 2 орынды №3 мектептің «Адалдық» командасы мен №23 мектептің «Қарға» командасы иеленді. Ал, 3 орынға №15 мектептің «Адал ұрпақ», №16 мектеп пен №17 мектептің «Жас ұрпақ» командалары шықты.

Бұдан бөлек, белсене қатысқан 13 команда білім бөлімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521