Адалдығы үшін алғыс айтамын

Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте зор. Журналистер ел өмірінің маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, қоғамдық пікірді белсенді түрде қалыптастырып, сындарлы күштердің бірігуіне, ізгілік пен әділеттіліктің шынайы мұраттарын бекітуге ықпал етіп келеді.

Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, принциптілігі, жеделдігі және бейтараптылығы, үнемі оқиғалар ортасында болуға деген ұмтылыс, адамдарға көмектесуге дайын болу - тамаша қасиеттер. Бұл сіздің баспа және электрондық басылымыңыздың лайықты жетістіктеріңіздің құрамдас бөлігі. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте күрделі және жауапты, өйткені олардың қолындағы –сөз, жер бетіндегі ең қуатты қарудың бірі.

Осы айтулы мереке күні аудандық газет журналистерін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Олардың адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, таңдаған мамандығына деген адалдығы үшін шынайы алғысымды білдіремін! Сіздерге шын жүректен шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық жобалардың сәтті жүзеге асуына тілектеспін!

Мұратқали Ысқақов,

аудандық соттың төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT