«Адалдық» дүкені ашылды

Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Адалдық» дүкені ашылды.

Бұл дүкеннің басты ерекшелігі: онда сатушы болмайды. Есесіне студенттер өзіне қажетті затты алып, ақшасын арнайы белгіленген қорапшаға салып, сауда жасайды екен.

- Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Sanaly urpaq» жобасының өңірлік кеңсесін және «Адалдық» дүкендерін облысымыздың барлық оқу-орындарында ашу туралы тапсырма берген болатын. Бұның басты мақсаты - студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үндеу, елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Колледжіміздегі «Адалдық» дүкені жұмысын бастады,-дейді колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзия Әбілхайырова.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз