«Адалдық алаңында» атқарылған іс көп

Мемлекеттік қызмет туралы айтқанда, біз сондай-ақ ашықтық, қоғам алдындағы есеп берушілік, сенім атмосферасын, рух пен заңға деген құрметті айтамыз.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында өздеріңізге мәлім бірқатар нәтижелі жобалар іске асырылуда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ортақ міндет – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың нақты жолдарын айтып өтті. Заманауи мемлекеттік аппарат азаматтармен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін ашып, процестер алгоритмдерін азайтып, жұмыс сапасын жақсартуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанға қоғамды кеңінен тарту мақсатында өткен жылы Агенттікпен республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат штабы құрылған болатын.

Ақпараттық-насихаттау штабы халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылды. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатын жүзеге асырудың негізінде парасаттылық идеологиясы жатыр. Парасаттылық – орысша «добропорядочность» немесе ағылшын тілінде «integrity» – адалдық, заңдылық, тұтастық, сенімділік сияқты құндылықтарды біріктіретін кешенді ұғым.

pres1

Бұл дегеніміз моральдық-этикалық қағидалар мен құндылықтарды ымырасыздықпен ұмтылуды білдіреді. Мемлекеттік қызмет туралы айтқанда, біз сондай-ақ ашықтық, қоғам алдындағы есеп берушілік, сенім атмосферасын, рух пен заңға деген құрметті айтамыз. Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, озық тәжірибені басшылыққа алғанда біздің еліміз мемлекеттік органдардың және жалпы халықтың арасында парасаттылық инфрақұрылымын дамытудың өзіндік бірегей моделін құруда.

Бұл тұрғыда ақпараттық үгіт-насихат штабының міндеті болып халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын және т.б. арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату. Түсіндірме жиналыстары интерактивті түрде, халықтың әртүрлі топтары үшін әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі. Ақпараттық штабтың республикалық деңгейіндегі мүшелері болып келесілер тағайындалды: қоғам қайраткері, режиссер, жазушы – Ермек Тұрсынов, қоғам қайраткері, этно-дизайнер – Ырза Тұрсынзада, Парламент Мәжілісінің депутаты – Ирина Смирнова, «Қазақстандағы парламентаризм қоры» басқармасының төрағасы - Зәуреш Батталова және т.б.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың толық көлемін қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық облыстарында аймақтық ақпараттық-насихаттау штабы жұмыс істейтін болады. Атырау облысы бойынша штабтың мүшелері қатарына С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проректоры О.Сүлейменов, «Қазақстан – Атырау» РТРК директоры Қ.Әуесбай, блогерлер кірді.

Айта кету керек, ауқымды әлеуметтік өзгерістер тиісті мәдениетті қалыптастырусыз мүмкін емес.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521