Адалдық алаңы «Ashyq» қосымшасы жұмысына мониторинг жүргізді

ken-zhyloi.kz

«Жылыой адалдық алаңы» карантиндегі тұрғындардың «Ashyq» мобильді қосымшасындағы статусы өзгертілуіне мониторинг жүргізген болатын. Алдымен «Ashyq» мобильді қосымшасында статус не үшін анықталуы керек екеніне қысқаша тоқтала кетейін. Бірінші кезекте – қауіпсіздік үшін, қоғамды қауіпті індеттен қорғау үшін керек. ПТР тест тапсырмасаңыз және вирус жұқтырмаған болсаңыз - КӨК түс, ПТР тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен болса - ЖАСЫЛ жанады. Ал науқастармен байланыста болғандарға - САРЫ, коронавирус жұқтырғандарға - ҚЫЗЫЛ түс шығады деп көрсетілген.

Сары және қызыл түс көрсетсе, қоғамдық орындарға кіре алмайсыз. Дегенмен карантин режимінің бұзылып жататыны да бар. Ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бармайды емес, барып қалуы да мүмкін. Солай вирустың таралуына себепші болады. «Ashyq» қосымшасы осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. «Ashyq» мобильді қосымшасына науқастарды, науқаспен байланыста болғандарды дер кезінде уақытымен енгізіп отырса бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік берер еді.

Алайда мониторинг нәтижесі бойынша дер кезінде уақытымен «Ashyq» мобильдік қосымшасына науқастармен байланыста болғандар есебінде тұрған адамдар енгізілмей отырғаны анықталды. Яғни жауапты орган және жауапты тұлғалар жұмыстарына немқұрайлы қарап, бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндікті азайтып отыр, нақтырақ айтқанда қоғамға індеттің жұқтыру қаупінің жоғарылауына жол беріліп отыр.

Аудан әкімдігі жанынан құрылған пандемияға қарсы мобильдік топтың күні-түні атқарып жүрген еңбегіне де кері әсерін тигізуде. Сондықтан жауапты орынға тиісті тапсырма беруге, науқас адаммен байланыста болған адамдардың карантин режимін бұзбауын қадағалауға алынуына аудан әкіміне ұсыныс жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз