Бастауыш сынып педагогтері облыстық қауымдастығының ұйымдастыруымен Жылыойда «Адал азамат» құндылықтарын білім беру үдерісіне тиімді кіріктіру әдістері» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде «Адал азамат» құндылықтарын білім беру үдерісіне кіріктірудің тиімді әдістерін меңгерту, әділдік, жауапкершілік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тәсілдерді қолдану дағдыларын дамыту.
Семинар барысында практикалық сабақтар блоктары: 4-сыныпта қазақ тілі, жаратылыстану, 4-сынып (оқыту орыс тілінде), дүниетану, 3-сыныпта қазақ тілі, әдебиеттік оқу, 1-сыныпта математика сабақтары өтті.
Қатысушылар үш аудиторияда «Бағалау жүйесінде адалдық қағидатын сақтау: әділ бағалау тәсілдері», «Адал азамат» на разных предметах», «Ұлттық құндылық – болашақтың бағдары» тақырыбында шеберлік сыныптарына қатысты. Сонымен қатар «Бүгінгі мұғалімнің 3 керемет құралы» тақырыбында тренинг, «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында тәрбие шарасы өткізілді. «Адал азамат» құндылықтарына бағытталған мектеп жобалары, мұғалімдер жұмыстарынан “Киелі мекен – қасиетті өлкем” тақырыбында көрме де ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушылар облыстық Әдістемелік орталық директорының сертификатына ие болды.
А.Ысқақова,
әдіскер



