Адал адам жемқорлыққа жол бермейді

Ел дамуындағы негізгі басымдықтың бірі – кәсіби мемлекет құру. Бұл- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігіне негізделеді. Жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім және оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір ұстанымы.
Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін әрбір мемлекеттік қызметші өз жұмысының маңызын терең түсіне білуі керек. Ол үшін өз елінің патриоты атанып, ел абыройын көтеруде қолдан келген барлық шараларды қолдануы қажет. Сонда ғана өркениетті қоғам орнатып, дамудың даңғыл жолына түсеріміз анық. Бұл бағыттағы мемлекеттік ұжымдардың ең өзекті мәселесінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, оның алдын алу шаралары мемлекеттік қызметшінің басты назарында болуы тиіс. Осы орайда басқарманың 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» іс-шара жоспарына сәйкес, жұмыстар уақытылы жүргізілу үстінде.

Басқармамен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүддесін іске асыру кезіндегі ұсыныстар, өзінің құзыреті шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі, сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау барысындағы ұстанымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт талаптары сақталып, жауапкершілік пен бақылау басшылыққа алынады.

Басқарманың 2-қабатының кіре берісіндегі көрнекі орында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен кестесі ілінген. Ғимараттың кіре берісінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен арыз – шағым, өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылып, 5-65-06 сенім телефоны жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету және өзге де рұқсат беру функциясын орындау кезіндегі түсінік жұмыстарын мамандар бейнебақылау орнатылған кеңседен жүргізеді. Басқарманың ауласының алғы және артқы жағына және ғимараттың кіреберіс, кеңсе бөлмелеріне, дәлізіне камералар орнатылды.

Сонымен қатар, ғимараттың екінші қабатындағы көрнекі орында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі ілінді. Басқарма басшысының азаматтарды қабылдау кестесі де бар, ол аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндеріне сағат 15.00-ден 17.00-ге белгіленген.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес, басқарма мамандары ауданның санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік қызмет уақытылы көрсетіліп, тиісті жұмыстары атқарылу үстінде.

Талғат Хабибуллин,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT