Тұрғындарды несие пайызы алаңдатады

Пандемия кезінде қысқартуға ұшырап, тұрғындар жаппай жұмыссыз қала бастады

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Жастар үйінде» аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының ардагері, жылыойлық мұнайшы Мақсым Ізбасов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы сайлау науқанында белсенділік танытуға шақырды.

Кездесу барысында Жаңа Қаратон кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Молдашев қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселесін ортаға салды. Сайын Қуанышев ұсыныстың орынды екендігіне баса назар аудара отырып, жауапты органдарда жеткізетіндігін айтты.

2312202

Жиылғандардың барлығын дерлік жұмыссыздық мәселесі толғандырады. Осы орайда үміткер Қанатбек Қасымғалиев партияның басты бағыттарының бірі – жұмыссыздық азайтуға бағытталғандығын айта кетті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, кандидат Асылбек Джакиев Мұнай және газ университетімен бірлесе отырып, сұраныстағы мамандарды оқытып, жұмысқа орналастыру жұмысы жүйелі түрде жүзеге асып жатқандығын еске салды. Және «Бизнес-инкубатор» ашу жоспары дайындалып жатқанымен де бөлісті.

Сонымен қатар Ауған соғысы ардагері Сисен Қонаров ардагерлерге коммуналдық төлемдер, жолақысына, тұрғын үй кезегінде тұрған ардагерлерге жеңілдіктер қарастырылса деген ұсынысына штаб жетекшісі С.Таласов барлық құжаттарды жинақтап, кеңсеге тапсыруға кеңес берді.

Ал мұнайшы-зейнеткер Мұстахима Исаинова әйел адамдардың зейнет жасы қайта қаралса екен деген ұсынысын білдірді.

Пандемия кезінде қысқартуға ұшырап, тұрғындар жаппай жұмыссыз қала бастады. Осы кезде орта деңгейлі банктерден неси алғандар, қарыздарын қайтара алмай әлекке қалды. Нұрдәулет Ақназаров осы банктерге берешек несиелерін пайызсыз өтеуге мүмкіндік болса деген пікірімен бөлісті.

Үміткерлер айтылған ұсыныс-пікірлерді қаперге алып, атқарушы органдарға жолдайтынын жеткізді.

Ж.Әбдікәрімова

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT