А.Шпекбаев жұмыс сапарымен Жылыойда болды

​Іссапар кезінде Жылыой ауданындағы мемлекеттік қызмет көрсету органдарын аралады

 Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың Атырау облысына жұмыс сапарына байланысты Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидоллаұлы Жылыой ауданында болды.

​Іссапар кезінде Жылыой ауданындағы мемлекеттік қызмет көрсету органдарын аралап, соның ішінде Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің және Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.

​Сонымен қатар Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жаңа ғимаратының халыққа және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге сәйкестігін қарап, жұмыс барысы бойынша қызметкерлерге сұрақтар қойды.

 Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз