Ақпараттық хабарлама

«Атырау-Ақпарат» ЖШС және оның құрамындағы облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінің редакциясы (бұдан әрі – Редакция) 2022 жылғы 20 қарашадаҚазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыссайлауына қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағысайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналғангазет көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды.

Газет көлемін берудің жалпы шарттары

Газет бетінен көлемді ұсыну Кандидат немесе оның өкілеттітұлғасы және Редакция арасында жасалған келісімшарттыңнегізінде жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт (бұдан әріШарт) жасасудың негізі Кандидаттың немесе оның өкілеттітұлғасының Редакциялық алқаның атына жазбаша өтінішіболып табылады.

Үгіт материалдарының көлемі Кандидаттың немесе өкілеттітұлғаның жазбаша өтінішінде көрсетіледі, ол одан әріШартта жазылады.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелугетиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидаттың өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттыңкөшірмесі;

3) Қағаз және электрондық тасымалдағыштағы үгітматериалының мәтіні;

4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттыңкөшірмесі;

5) шарт жасау үшін өтініш білдірушінің өкілеттігінрастайтын құжаттардың көшірмелері.

Редакция модуль, мақалалар түріндегі үгіт материалдарынжариялайды. Үгіт материалдарының мәтіндерінКандидаттардың өздері дайындайды немесе редакцияменбөлек келісім бойынша әзірленеді.

Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі

Редакция Кандидаттардан мәтіндердің түсу ретіне қарайүгіт материалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Бірнеше Кандидаттан / өкілетті тұлғадан өтініштер бірмезгілде түскен жағдайда кезектілікті Редакция сол күніжеребе арқылы шешеді. Жеребеге баспа материалдарынорналастырудың кезектілігіне талас білдіруші Кандидаттарнемесе Кандидаттың мүддесін білдіретін өкілетті тұлғажәне талас білдірушінің тәуелсіз тарабы ретінде Редакция өкілі қатысады.

Редакция облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінің беттерінде үгіт матеиалдарын орналастырудыңорнын дербес айқындайды.

Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі

2022 жылғы 21 қазанда сағат 18.00-ден бастап күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері, жазбаша өтінішқабылданады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Үгітматериалдарын жариялаудың соңғы күні – 2022 жылғы 17 қараша.

Кандидаттар үгіт материалдарының мәтіндерінжариялаудың жоспараланатын күніне дейін үш күн қалғандаРедакцияның Жарнама және жазылым бөліміне тапсырады. Мәтіндер Кандидаттың немесе оның өкілетті тұлғасыныңкүні мен уақыты көрсетілген, тіркеу нөмірімен екі данадақолы қойылған баспа нұсқасында тапсырылады жәнеэлектрондық тасымалдағышта қоса берілуі қажет. Сондай-ақ бейнелері үгіт материалында пайдаланылатынтұлғалардың (қайтыс болған жағдайдаолардыңмұрагерлерінің) жазбаша рұқсаты керек.

Барлық баспа үгіт материалында тапсырысты жасағантұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ мақалалар немесемодульдер қандай қаражаттан төленгендігі туралы ақпаратболуға тиіс.

Редакция үгіт материалдарын жариялауды Редакцияныңесеп айырысу шотына жарияланымдар құнының 100 пайыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүргізетінболады.

Облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінде үгіт материалдары жарияланған кезде «Сайлау-2022» – «Выборы-2022» айдарымен орналастырылады.

Егер үгіт баспа материалдарында конституциялыққұрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығынбұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықтықоздыру, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілгенқұрылымдарды құру идеялары жария етілсе, «ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы» ҚазақстанРеспубликасы Конституциялық заңының талаптарындақарастырылған және өзге негіздерде газет ондай үгіт баспаматериалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Басқа Кандидаттардың, саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне, абыройына және іскерлік беделіне нұқсанкелтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпараттар болғанжағдайда Редакция Кандидаттың үгіт материалдарынжариялаудан бас тартады.

Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі

100 пайыз алдын ала төлем жасалған жағдайда облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінің беттерінде үгіт материалдарын жариялаудың құны газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін ҚҚС қосқанда 400 (төрт жүз) теңгені, ал atr.kz, pricom.kz, atpress.kz, ser-per.kz, den-der.kz, maqat-tynysy.kz, naryntany.kz, zh-shugylasy.kz, qyzylkoga.kz, ken-zhyloi.kz сайттарында 1800 белгіге дейін (бос орынды қоса есептегенде), 10 фотоға дейін, ҚҚС қосқанда 25 000 (жиырма бес мың) теңгені құрайды. Имидждік материалын жариялау үшін (Серіктестікжурналисі дайындаған) үстемақы мөлшері 10%.

Төлем Шартта көрсетілген Редакцияның банктік есепайырысу шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзегеасырылады.

Жарнама және жазылым бөлімі:

e-mail: Atyraureklama@mail.ru

Атырау қаласындағы телефондар: 8 (7122) 45-85-67

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521