Қақпақты контейнерлер орнатылды

Қаламыз үшін тазалық мәселесі қашанда маңызды.

Қаламыз үшін тазалық мәселесі қашанда маңызды. Бірақ, ащы да болса шындық, бізде Еуропа елдеріндегідей мұнтаздай тазалықты сақтайтын құрылым құрыла қойған жоқ, ал тазалықтың табалдырықтан екенін ұғынуы тиіс тұрғындардың ішкі мәдениеті кенже қалған. Дегенмен тазалықты сақтау үшін тиімді қадамдар жасалып жатқаны қуантады.

Соның бірі – тұрмыстық қалдықтарды төгетін алаңдардағы ыдыстарды қақпақты контейнерлерге ауыстыру. Өйткені аузы ашық контейнерлер тола бастаса бітті, мал, ит пен мысық қоқысты тартып, айналаға шашатыны үлкен мәселе болатын. Осы жайттың алдын алу үшін жақында қалаға 80 қақпақты контейнер әкелінген. Бұлар Орталық алаңға, «Новостройка» және 1,2,3,4,5-ықшамаудандарға орнатылды. Енді контейнерлердің қақпағы дер шағында жабылып, қоқысы дер шағында алынса болғаны.

Тұрғындарға қойылар талап өз алдына бөлек – қоқыстарын алаңға тастап не контейнерлерге сүйей салмай, арнайы ыдыстың ішіне төгуі тиіс.

Ж.НАУРЫЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз