Ақмешітке саяхат

Жуырда Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратының бас маман заңгері А.Сәрсенбаеваның ұйымдастыруымен кенттегі мектеп оқушылары Ақмешітке саяхат жасады.

Ақкиізтоғай елді мекеніндегі Ақмешіт қорымына №22 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары және ұстаздарымен бірге Ішкі істер бөлімі қызметкерлері киелі Бекет атаның өмірбаянымен танысып қайтты.
Ақмешіт –ағартушы, абыз-көреген, сәулетші Бекет Мырзағұлұлының туып-өскен жері. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Ол 1771-1774 жылдары Ақмешітке жер асты мешітін салдырып, бала оқытқан. Мұнда оның атасы Жаналы, әкесі Мырзағұл мен анасы Жәния, ұлы Тоғай мәңгілік тыныстаған.

ameshitke-sayakhat-2
Іс-шараның мақсаты - Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар жоспарын орындау. Әлеуметтендіру және отбасы құндылықтарын дамыту үшін балаларға, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға киноға, музейге, театрларға және басқа да мәдени объектілеріне баруды ұйымдастыру.
Соңғы кездері Ақмешітке барушылар көбейді. Қазір Ақмешіт қорымы мемлекет қорғауына алынған.


А.ЖҰМАБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521