Ақкиізтоғайдағы мәселе: емхана іші суық

Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі Д.Тілеуов 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға алға қойған міндеттері туралы есебін баяндады.

«Ауылдағы мәселе – тасжолда жүк көліктерінің жүруі. Оларға айыппұл салынды. Дегенмен түбегейлі осы мәселені шешу керек», - деді ауыл әкімі. Ауыл тұрғыны Ә.Демегенов санитарлық жағдайды ретке келтіру керек деген ұсынысын айтты. «Ғаламтор желісі қашан қосылады?» деген де сұрақ қойылды. «Қазақтелеком» директоры Е.Дәулетбаев енді бір айда қосылады дейді.

Ауылда ит атылмайтындығы туралы айтылып, мысықтардан бүрге шығып жатқаны да айтылды. Оған жауап берген ветеринария бөлімінің басшысы Д.Айтпенбет кезең сайын ит атылатынын айтты. «Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүреді», - деді. Тұрғын Т.Мусиев «Ауылдағы аурухана салқын. Осы мәселені қалай шешуге болады?» деген сауалын жолдады.

Аудандық орталық емхананың басшысы Н.Үкібаевтың айтуынша, жылудың секцияларын көбейту керек. Бұл жылға ауруханаға жөндеу жұмыстары қаралмағанын айтты. Қорытынды сөз алған аудан әкімі Азамат Бекет ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Ж.Есмұханқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз