А.Әдиева Атырау облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қоғам белсендісі Атырау облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды

Атырау облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды.

Атырау облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әдиева Альфия Дәулетқалиқызы тағайындалды. Альфия Әдиеваны қабылдап, жұмысына сәттілік тілеген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі кезде ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Өңір басшысы сонымен қатар жас буынның бойында қауіпті індетке төзімсіздікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңыздылығына да айрықша тоқталды.

«Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы 2019 жылы басталды. Жобаның мақсаты - күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға жайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Айта кетерлігі, Альфия Дәулетқалиқызы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Біраз жыл журналистика саласында жұмыс істеген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз