Қағазбастылықтан – электронды қызметке

Жыл басынан бері 24 497 Электронды цифрлық қолтаңба берілді.

2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін» басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде 2019 жылда 111 574 қызмет көрсетілсе, соның ішінде 45 077 құжат электронды түрде көрсетілген. Аталған мерзім аралығында бас тартылған құжат саны – 381, оның ішінде 6 құжат шектеу қойылып, 374 құжат әртүрлі база сәйкессіздігінен болған.

Шалғай елді мекендерге арнайы мобильдік іссапарға шығу жоспары жасақталып, 2019 жылы 83 рет сапарға шығып, 3233 қабылданып, 3186 құжат тұрғындарға табыс етілген. Осы уақыт аралығында бірыңғай байланыс орталығына мүмкіндігі шектеулі жандардан түскен 61 өтініш бойынша қызмет көрсетілді. Цифрлық ХҚО-лардың ерекшелігі – «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының болуында.

2019 жылы бөлімнің 6 жұмыс орны «Connection point» секторында азаматқа түсіндірме-кеңес беру және сома көлемінде баж алымы жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері 24 497 Электронды цифрлық қолтаңба берілді. Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 28 қызмет қолжетімді.

«Халық ыңғайлығы үшін сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрі оңай алу мүмкіндігі жасалды. Осы «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы мамандары тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметін пайдаланушылар санын арттыру азаматты базада тіркеп, бірден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтік желілеріндегі боттар арқылы қызметтерді алу жолдарын көрсетеді.

2019 жылдың шілде айынан бастап жаңа жоба- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 қаңтарда № 10056 тіркеліп, мамандандырылған сектор өз жұмысын бастады. Көлікті есепке қою, тіркеуден шығару, мемлекеттік көлік белгілерін берумен қатар, жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі іске қосылды. 2019 жылдың шілде айынан бастап мамандандырылған сектор қызметі бойынша 3667 қызмет көрсетілсе, көліктің 1647 техникалық құжаты берілді.

Сонымен қатар 953 жүргізушілік куәлігі ауыстырылды.  Бөлімде қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту жоспары жасақталып, жергілікті атқарушы органдармен 62 оқыту семинар-кеңестері өткізілді. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл» әрекеттерін болдырмау және оның алдын алу мақсатында іс-шаралар жасақталып, бөлім мамандарымен 84 рет оқыту жүргізілді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта сапасыз қызметтерді болдырмау мақсатында әр ай сайын мемлекеттік қызметтер бойынша 89 «Онлайн тест» жүргізілді.

Осындай қарқынмен алға қарай да халыққа сапалы қызмет көрсетіп, методикалық кеңестер беру біздің міндетіміз болып саналады.

Ернас Отарбаев,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша

Жылыой ауданының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521