Аңқасы кеуіп, арнасы тарылған Қамыскөл тағдыры толғандырады

Биыл ауыл шаруалары бастан кешіп жатқан қуаңшылық қала халқына да әсер етпей қоймады. Қожалықтар шабындығы мен жайылымдық жеріне су жеткізе алмай қамкөңіл болып, сары уайымға салынса, құлсарылықтар үшін Қамыскөл көлінің мәселесі бой көтерді.

Далаға жетпеген су қалаға да тамбай қалды. Соның кесірінен, Құлсарының айнасына айналған айдынды Қамыскөлдің аңқасы кеуіп, арнасы тартылды. Көл бұрынғы өз жағалауынан бұрын-соңды болып көрмеген қашықтыққа дейін алыстап, көз алдыңа Аралдың тағдырын елестетіп, жүрекке қорқыныш сезімін ұялатты. Шағаласы шалқып, толқыны жағаны ұрып, көкке шапшып жататын көліміздің шалшық су тәрізді аянышты халі арқама аяздай батты. Суы бұлайша шіри берсе, онда қалада экологиялық проблеманың туындауы ғажап емес. Бұрын қаншама қуаңшылық пен құрғақшылық етек жайса да, Қамыскөліміз мұндай жағдайға душар болмап еді ғой?! Қалайша? Неге біз оған жол беріп алдық? Сөздің шыны керек, қазір бізге «қаламыздың айнасына» қарайтын бет қалмады. Қаламыз дамып, кеңейіп келеді, керісінше, көліміздің арнасы тарылып барады. Сондықтан бұл мәселені көп болып шешетін кез келіп жетті деп ойлаймын...

 Талғат Майлыбаев, аудандық мәслихат депутаты

 

 

(Толық нұсқасын «Кең Жылой» газетінің №34 санынан оқи аласыздар)

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521