«Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асты
Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ доллары болатын «Игілік» ерікті бағдарламасы «Теңізшевройл» ЖШС-нің Атырау облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қолдауға бағытталған корпоративтік жауапкершілігі саласындағы негізгі бастамаларының бірі болып табылады.
Осы күнге дейін аталмыш бағдарлама аясында 90-нан астам жоба жүзеге асқан. 1993 жылдан бастап ТШО-ның әлеуметтік салаға қосқан жалпы үлесі 1,8 млрд АҚШ доллардан асты. Өткен жылы Құлсары қаласындағы Құрсай өзегін тазарту бағдарламасы аясында жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама бойынша Қамыскөл деңгейін ұстап тұруға, оның шайылмауына, Құрсай өзегін ағынын жақсартуға жағдай жасалды.
Құлсары қаласының тұрғындары үшін демалу мүмкіндіктері артты. Бағдарламада Жем өзенінен 2 км қашықтықта суасты каналы бар су қабылдайтын қондырғы және Құрсай өзенінің ағысындағы ағу каналын тереңдету қондырғысы қойылды. Құржем өзенде ұзындығы 285 м бөгеті бар суды басқару қондырғысы және ұзындығы 1 км жол. Канал бойымен 2,5 км бұлақтарды тазартатын және тереңдететін Құржем өзеніндегі су өткізгіш Көлдің арасындағы көпір өткел. Құрсай өзегінен өтетін көпір. Құлсары қаласының шекарасындағы ұзындығы 3,6 км Құрсай өзегін тазарту және тереңдету жұмыстары қарастырылған болатын.
Қ.Нұртайұлы