8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір, Ана – жыр» атты аудан әкімінің нәзік жандылармен кездесуі өтті

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде:

Қадірменді аяулы апа-қарындастар, қыз келіншектер! ​Сіздерді алғашқы көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Әйел-ана отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиешісі. Әйелдердің еліміздің келешегін тәрбиелеудегі еңбектері зор. Бүгінгі салтанатты басқосуды пайдаланып, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына, аймақта жүзеге асып жатқан игі істерге сүбелі үлес қосып келе жатқан барша апа-қарындастарға, қыз келіншектер шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі таңда экономиканың барлық салаларында әйелдердің белсенділігі артты, түрлі мәселелердің мемлекеттік деңгейде шешілуіне өз ұсыныс, жобаларымен шыға бастағандығы да белгілі. Мұның бәрі еліміздегі гендерлік саясаттың дұрыс бағытта жүргізіліп келе жатқандығының белгісі. Қазақстанның мемлекеттік отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатын іске асыруда мақсатында аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және Аналар кеңесі жұмыстарын жүргізіп келеді. 2021 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар бастамалары әйелдер құқығын кеңейту, ана мен баланы қорғау мәселелеріне арналса, биыл Балалар жылы деп жариялап, балалардың құқықтарын мен мүдделерін қорғау саласындағы өзекті мәселелердің шешуге назар аудару керектігін айтып өтті. Өткен жылы ауданымызда 1674 сәби дүниеге келді. Демографиялық өсімде облыс бойынша Жылыой ауданы 2 орындамыз. «Бала тәрбиесі – ұлт болашағы», «Әйелдері тәрбиелі елдің халқы да тәрбиелі» деген аталы сөздер бар. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек және алда да мен Сіздерді ұрпақ тәрбиесіне, ұлт болашағына қатысты мәселелерде, тәуелсіз еліміздің мүддесі жолында бірлесіп еңбек етуге шақырамын. Ардақты апа-қарындастар, қыз келіншектер! Баршаңызды көктемнің шұғылалы күнінде төл мерекелеріңізбен құттықтап, отбастарыңызға амандық пен береке, мықты денсаулық, шынайы ана бақытын, әйел бақытын тілеймін! - деді.

Шара барысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымыздың қоғамдық-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматшалар Жылыой ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521