75 жылдан кейін табылған жауынгер дерегі

Таяуда редакциямызға Құлсары қаласының тұрғыны Теміржан Тағанбаев есімді азамат келді. Ол осыдан 76 жыл бұрын Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өз әкесінің ағасы, Кеңес әскерінің жауынгері Мұқаш Тағанбаев туралы дерек жеткізе келіпті.

- Ұлы Отан соғысы басталғанда біздің әулеттен он бір жігіт қан майданға аттанды. Әулет деп отырғанымыз - Бектұрлы бабамыздан тараған ұрпақ. 1944 жылы ескі Жылой (қазіргі Жылыой) жеріне Агаев бастаған фашист диверсанттары түскенде чекистердің тапсырмасымен жауды бағытынан адастырып, қазақтың Сусанині атанған Байшыған Бектұрлиев ақсақал - осы атамыздың баласы. Міне, сол атамыздың 11 немересінің 7-еуі Отан қорғау жолында опат болды. Соның бірі – әкемнің немере інісі Атантаев Қанаш деген азамат 1920 жылы туған-ды. Өте сауатты кісі болған екен. Үлкендердің айтуынша, ол армия қатарына алынғанға дейін сол кездегі Жылой ауданында жарыққа шығып тұрған «Социалистік құрылыс» («Кең Жылой») газетінде қызмет атқарыпты. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, фашистер тұтқиылдан елімізге лап қойғанда Брест қамалында азаматтық борышын өтеп жүрсе керек. Сүйегі сол қорған басында қалды,-деп бастады әңгімесін Теміржан ағамыз.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521