Тамыз айында «Теңізшевройл» теңізде алты технологиялық желінің екеуіне жоспарлы күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Күрделі жөндеу жұмыстарына 7000-ға жуық қазақстандық қызметкер жұмылдырылады, бұл жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған кәсіби мамандардың 94% қамтиды. Сондай-ақ, 20-дан астам жергілікті компания тартылады. Күрделі жөндеу жұмыстары аясындағы шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық мұнай және газ стандарттарына сәйкес зауыт жабдықтарының сенімділігі мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						


 
 