56 емделушіде ауру жеңіл түрде өтуде

Атырауда Сovid – 19 жағдайы тұрақты

Бүгін, 16 сәуірде Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырған 58 науқас емделуде, деп хабарлайды төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі штабы.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекция (КВИ) таралғаннан бастап 70 жағдай тіркелген, қазіргі уақытта 12 адам дерттен айығып шықты.

Бүгінде инфекциялық стационарда 58 адам жатыр. 56 емделушіде ауру жеңіл түрде өтуде. 1 науқастың жағдайы орташа, ал 1 емделуші ауыр хәлде жатыр.

Сонымен қатар, провизорлық стационарға 17 адам орналастырылып, 434 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Ал 758 атыраулық үйде оқшауланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521