55 жастан да зейнетке қалуға болады екен

БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді

 -Қайырлы күн. Мен 25 жыл бойы кенші болып еңбек еттім. 55 жасымда зейнеткерлікке шықсам деп едім. Аннуитетті пайдалана отырып, мерзімінен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңіз екен.

-«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.

Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарты әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда жүргізіледі.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мақсатында жеткілікті зейнетақы жинақтарын есептеу үшін біздің сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануыңызға болады. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару салымшының Қор кеңсесіне тікелей өзі келуі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы (бұл жағдайда сенім білдірілген тұлға құжаттарды Қор кеңсесіне тікелей өзі әкелуі тиіс) жүзеге асырылады. Құжаттардың тізімі Қор сайтында «Қызметтер»-«Салымшылар»-«Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына қалай аударылады» бөлімінде орналасқан. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521