“5-10-20”: 390 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстанда кредит арқылы баспанамен қамту бойынша “5-10-20” бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

“Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін кредит арқылы тұрғын үймен қамту бойынша “5-10-20″ жаңа жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы қаражат аясында біз 390 миллиард теңге бөлеміз”, – деді Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында.

Тоқаевтың айтуынша, биыл Қазақстанда құрылыстың көлемі 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың пәтер салуға жоспарланған.

Президент үкіметке жыл соңына дейін “Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі” АҚ негізінде “Отбасы банкін” құруды тапсырды.

Ол тұрғын үйді есепке алу, қою және бөлуді бір орталықтан жүзеге асырады. Баспана саласындағы маңызды өзгерістердің бірі – қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пәтер алуға жұмсауға рұқсат беру. Осы мәселе бойынша үкімет 1 шілдеге дейін бір шешімге келуі тиіс.

kazaknews.kz

COVID 19

covid

Күнтізбе