48 ТҰРҒЫНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың қызметі қашанда қауырт жұмысқа толы. Бірақ, соған қарамастан, ол өзінің жеке қабылдауына жазылып қойған аудан тұрғындарымен кездесу үшін әркез уақыт таба біледі. Аудан басшысы жұртшылықпен болған жеке жүздесуден кейін көтерілген мәселелерге көз жеткізу үшін тұрғындар көрсеткен жерге аяқтай барып, шешілу жолдарын іс басында қарастырады. Бұл көптеген күрмеуі қиын түйіннің орнымен тарқатылуына жол ашуда.

Соңғы екі апта ішінде тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша екі мәрте қабылдаған Жұмабек Байрақбайұлы барлығы 48 адамның арыз-шағымы мен талаптарын тыңдады. Аудан басшысы қабылдауға келген тұрғындардың мәселесін шама келгенше шешуге тырысады, кейбірінің түйіні тез тарқатылса, бірқатарына белгілі бір уақыт қажет. Мұндай жағдайда жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырма беріледі. Ол міндетті түрде бақылауға алынады. Тұрғындардың көпшілігі жұмыспен қамту, тұрғын үй, жер, көше атауын беру, әлеуметтік, коммуналдық мәселелерді көтеріп, шешуді сұрайды.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары да қатысты. Олар да тұрғындардың сауалына жауап қайтарып, керекті жерінде кеңесін берді. Бірқатарына аудан басшысы тұрғындардың көтерген мәселесіне орай нақты міндеттеме жүктеді.

Айта кетер жайт, аудан басшысы әкімдіктің арнайы бекітілген кестесіне сәйкес, тұрғындармен аптасына бір рет жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдауға жазылуды аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі жүргізеді. Бұл ретте әкімдіктің 8(71237) 5-11-53 байланыс телефонына хабарласуға болады.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521