45 түлек мемлекеттік қызметке орналасты

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында ашылған «Мемлекеттік қызмет мектебін» ағымдағы жылы 14 түлек аяқтады.

Мектептің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге жоғары білікті, дарынды және белсенді жастарды тарту, мемлекеттік қызметтің кәсіби дағдыларын меңгерту және студенттерді мемлекеттік қызметке алдын-ала бейімдеу.

Бекітілген жоспарға сәйкес мектепке қабылданған студенттерге дәрістер, лауазымды тұлғалармен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, Адам ресурстарын дамыту орталығында тренингтер өткізіледі.

Сондай-ақ, Университет ғимаратында мектептің арнайы кабинеті жасақталған. Кабинет – студенттер үшін мемлекеттік қызметті өткеру мәселелеріне қатысты қажетті оқулықтармен, интерактивті тақтамен, стендтермен, заңдардың QR кодпен жасақталған сілтемесімен және ақпараттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Студенттер арнайы кабинетте мемлекеттік қызметке кіру алдындағы заңнамалармен танысып, дайындалуға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда мектептің 45 түлегі мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Атап айтсақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде, облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерде, сондай-ақ облыстық Білім беру басқармасы, қазынашылық және мемлекеттік кірістер департаменттерінде, өзге де мемлекеттік органдарда қызмет атқарады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT