42500: кімдер және қалай алады?

Әлеуметтік төлем

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем Төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына тап болған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмыскерлеріне, карантин енгізілген елді мекендерде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлеріне, дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарға, Бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеген жеке тұлғаларға, қызметтерді көрсетумен айналысатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға төленеді.

БАСТЫСЫ - ҚҰЖАТТАР БЕКІТІЛГЕН ФОРМАҒА СӘЙКЕС БОЛУ ҚАЖЕТ!

Ол үшін Жұмыс беруші немесе қызметкер «Электрондық » порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Ережеге сәйкес өтініш пен төтенше жағдай кезеңінде қызметінің тоқтатылуына байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімі туралы ҚР Еңбек министрлігінің 29.03.2020 жылғы №114 бұйрығының 3-тарау, 8-тармағына орай №2, 3 қосымшаларын толтырып, электрондық нұсқаларын жалғап, электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою арқылы жолдайды.

Жергілікті жұмыспен қамту органдары қалалық немесе аудандық штабтың қарауына ұсынады, құжаттардың сәйкестігін қарап, штаб шешімін құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Бір ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем:

егер жұмыскер ақысыз демалыста болса;

аталған санаттағы азаматтардың кіріс алатын қызметі тоқтаса, 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде тек төтенше жағдай мерзімінде төленеді.

Мемлекеттік корпорация түскен құжаттар мен штабтың қорытындысы мен құжаттардың дұрыстығын қарап, электрондық іс макетін жасақтап, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі немесе зейнетақы жүйесіне қатысы туралы анықтаманы және әлеуметтік төлем тағайындау немесе бас тарту туралы шешімді әр тұлғаға (4, 5 қосымшаға сәйкес) шығарады.

Сонымен қатар электрондық іс макетіне төлқұжаты, банкілік есепшоты, құжаттармен қоса «Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясының филиалына» жолданады.

Филиал Электрондық іс макетін қарап, әлеуметтік төлем тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

 Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT