Атырауда күніге 8000-10 000 адамнан өтінім түсуде
Өтінімді азаматтар телеграм қосымшасындағы бот және egov порталы арқылы тапсыра алады. Енді бұл қызметті алу мүмкіндігі тіптен жеңілдетіліп отыр.
"Бір уақытта мыңдаған қолданушының осы қызметке жүгінуіне байланысты, бастапқыда базада ақау болды. Қазіргі таңда уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан бөлінген жәрдемақыны рәсімдеу қызметі жеңілдетіліп, өтінім беру процесі əр облыстарға бөлінді. Азамат телеграм бот арқылы да, egov порталы арқылы да өзінің тұрғылықты облысын таңдау арқылы, жеңілдетілген режимде өтінім бере алады" деп нақтылады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Забыхан.
Спикердің айтуынша, бастапқыда мамандар күніне 15 000 мыңға дейін онлайн өтінімдерді қабылдаған. Қазіргі таңда күніге шамамен 8000-10 000 адамнан түскен өтінімдер қаралып жатыр.