40 жыл болған көпір тасқынға шыдай алмады

Құлсарының «Достық» ықшамауданы мен 5-учаске аралығын жалғап тұрған автокөлік көпірі 1985 жылы салынған екен. Бұл жөнінде осы Құрсай өзегінің екі жағындағы «блокаданы» ұстап тұрған тұрғындармен сөйлескенде білдік.

-Осы жылдар ішінде бірнеше көпір салатын уақыт болды ғой. Көріп тұрсыз, 40 жылға жуықтаған, ескі әрі аласа. Соның кесірінен көпір астына ағыстың екпінімен қамыс-қоға, жыңғыл, сабақ, қоқыстар келіп кептетіліп, кедергі келтіруде. Бұл Құрсай арнасының тасып, өр судың арнадан асып, екі жақтағы ауылдарға қарай лап қоюына әкеп соқтыруы мүмкін, -дейді халық.

Расында да, ескі көпір өр ағысқа шыдай алмай, бір жақ шеті жарылып, қисая түскен. Тасқыннан кейін оның пайдаға аспайтыны көрініп тұр. Соны білген тұрғындар көпірдің үстіне де екі жағынан топырақ төгіп, бөгет салып тастады.

Айта кету керек, түнде бұл жерге облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өзі келіп, мән-жайды көзімен көріп кеткен еді.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521