4 жылыойлық коронавирус жұқтырыпты

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 12 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 12 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан - 4, Құрманғазы ауданынан - 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанған алты адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.

Өткен тәуліктегі ақпаратқа сәйкес, коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар жоқ. Айта кетейік, қазіргі уақытта 79 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 38 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 10 адам ем қабылдауда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT