3 жылыойлықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 62 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен скринингтік тексеріс кезінде 32 жұмысшыдан, Жылыой-3, Қызылқоға -1, Индер-5, Исатай-1, Махамбет -2, Мақат -1, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 27-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 19 адам емделіп шықтыі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 232 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 106 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 20, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 425 адам ем қабылдауда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз