ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 11 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ
Атырау облысында өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың бірі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан -3, Теңіз кенішінен - 7 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 155 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 29 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 37 адам ем қабылдауда.
Атырау облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі.