3 тәулік елсіз далада қалған жылыойлық азамат құтқарылды

Шұғыл іздестіру шаралары алынған болатын.

Туыстарының айтуынша, ол 26 сәуір күні өзінің «Нива» автокөлігімен жоғалған малын іздеп кеткен еді, деп хабарлайды ATPress.kz

29 сәуір күні, яғни 3 күн өткен соң бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған ағайынын іздеп, алаңдаған туыстарынан ақпарат келіп түсті. Шұғыл іздестіру жұмыстарына «Трэкор» автокөлігімен Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 5 құтқарушысы мен 1 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сол күні аудан орталығы Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде, Каспий теңізінің жағалауынан батпаққа батқан «Нива» автокөлігі мен жоғалған адам табылды. Кешкі 9-дар шамасында көлікті батпақтан шығарып, Құлсары қаласына сүйреп жеткізді. Жоғалған азаматтың дені сау, медициналық көмектен бас тартты, дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Ж.Әбдікәрімова

Фото: Р.Қойлыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521