29 науқастың жағдайы қалай?

Дәрігерлер Атыраудағы Covid -19 індетін жұқтырған 29 науқастың жағдайы туралы баяндады

Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 6 сәуір күні Атырау облысындағы инфекциялық стационарда "коронавирустық инфекция" жұқтырғандар саны 29-ға жетті.

- 29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі екі бала бар. Қазіргі уақытта жиырма алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі байқалады. Бір науқастың ауруы күрделі өтуде, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Инфекциялық стационардағы барлық емделушілерге тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз