27-28 қарашада елорданың кейбір ЖОО студенттері қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — 27-28 қараша күні Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті.

«4 жоғары оқу орны — қашықтан, 2 жоғары оқу орны — ішінара қашықтан, 2 жоғары оқу орны — каникул (1 триместр), 5 жоғары оқу орны — дәстүрлі (офлайн) форматта. Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды», — деді министрлік өкілі Олжас Беркінбаев.

Ал оқушылар мен колледж студенттеріне қатысты елорданың Білім басқармасының баспасөз қызметі сабақ әдеттегідей форматта өтетінін хабарлады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT