25 ШАҚЫРЫМ КӨШЕГЕ – ТӨСЕМТАС

Құлсары қаласында 32 шақырымға созылған жаяу жүргіншілер жолы салына бастады. Бұл жұмыстар қаланың 46 көшесін қамтитын болады. Нақтылап айтқанда, З.Есенов көшесіне – 595 метр, Арқабаевқа – 1500 метр, С.Иманғали, №66, Б.Момышұлы көшелеріне барлығы – 2210 метр, Қуатбаевқа – 505 метр, М.Ығылманға – 830 метр, ал Қ.Кенжеғалиев көшесіне 1000 метр төсемтас төселеді. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

-Құрылыс монтаждау жұмыстарының ұзақтығы 10 ай. Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалаушы мекеме «СанжарПроектСервис» ЖШС болса, мердігер «Өмірзақ» ЖШС. Жаяу жүргіншілер жолы жалғыз жоғарыдағы көшелермен шектеліп қана қоймайды. Бұдан басқа, Молдағалиев, Балуан Шолақ, С.Дүйсенбекова, П.Бекбосынова, А.Дүйсенбеков, Завершенский, Бойжанов, Сариев, Өтеулиев, Барақатов, Нұрманов сынды көшелерге, сондай-ақ, Аймауытов көшесінен мектепке дейін және Алтынсарин көшесіне дейінгі аралық, орталық емхана мен №9 мектеп алды, «Қымбатжан» мен «Хан шах» тойханасының арасы, 8 ауылдағы футбол алаңы жанындағы көшеге, №7 мектеп маңына, барлығы 15 шақырымнан астам жерге жаяу жүргіншілер жолы төселеді,- деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы Еркінов.

Оның айтуынша, қаланың өзге жерлерінде осындай жұмыстар жүзеге аспақшы. Атап айтқанда, М.Кенғанов көшесінен Өтен батырға дейін, Н.Аязбаев, №62, 63, №53, 325 көшелеріне, З.Балкенжиев, Махамбет даңғылының Орталық базар мен «Қибат» аралығына жол салынбақшы. Және де осы жоба аясында 5 «А» ықшамауданының №224, 225, 226 көшелеріне және №12 үйдің артына, Ы.Алтынсариннің сол жағына, №257, 253 көшелерге, вокзал алдынан Қобыланды батыр көшесіне жерге өректас төселіп, барлығы 11 шақырымнан астам қала көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы жүргізіледі.

Бұл, сөз жоқ, кезінде «Теңіз мұнайының астанасы» атанған Құлсары шаһарының ажарын айшықтай түсері белгілі.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521