235 тұрғын тегін киіммен қамтылды

Ауданымыздағы «Беркад» сауда орталығында «Мейірім» қайырымдылық дүкені жұмыс жасауда.

Онда аудан тұрғындары өздерінен артылып қалған таза киім-кешектерді тапсырып, мұқтаж жандар қажетіне қарай тегін алып тұрады. - Бұл дүкен арқылы ауданымыздағы 235 тұрғын тегін киіммен қамтылған. Сонымен қатар үстіміздегі жылы бөлімнің және ауданның ерікті жастарының ұйымдастыруымен аудандағы ірі сауда орындарына қайырымдылық сөрелері қойылды. Ондағы мақсат халық жағдайы қиын адамдарға қол ұшын беру үшін азық-түлікті сол сөрелерге қойып кетсе, ерікті жастар әр отбасыға өздері таратып отырады. Күні бүгінге дейін бұл қолдаумен 154 адам қамтылды, -дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз