21000 дана бетперде тегін таратылған

Кәсіпкерлер мен еріктілердің күшімен тігілген бетперделер аудан тұрғындарына үлестірілді.

Аудан өнерпаздары өз үйлерінде болып халықты рухани демеу мақсатында онлайн концерттер беруде. Мәдениет бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері 450 бетперде тігіп, аудан тұрғындарына таратты.

Білім бөлімі де қарап қалған жоқ. Аудандық білім бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубы мен Жас техниктер станциясының мұғалімдері 11 отбасына, №18 М. Сатыбалдиев атындағы мектептің ұстаздары 10 жанұяға азық-түлік таратты. Жалпы аудандағы орта мектептердің мұғалімдері ерікті түрде 800 бетперде тігіп, қала тұрғындарына, полиция, банк қызметкерлеріне, дәрігерлерге таратты.

Кәсіпкерлер мен еріктілердің күшімен тігілген бетперделер де аудандық полиция, емхана, прокуратура, сот органына және балалар емханасындағы ем алушыларға, аудан тұрғындарына үлестірілді. Акция аясында күні бүгінге дейін 21000 дана бетперде тігіліп, тегін таратылса, барлығы 680 әлеуметтік жағынан төмен, көпбалалы отбасылар тегін азық-түлік тағамдарымен қамтылды.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521