2026 жылғы қолданысқа енгізілетін Салық Кодексіндегі өзгерістер

Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіндегі Арнаулы салық режимдары жөнінде түсінік береді:

Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістердің бірі:

1. Салықтық тексеру:

1) салық төлеуші (салық агентінің) өтінішті, талаптарды берген;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер болған;

3) салық органы салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған;

4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тағайындалады.

Маңызды өзгерістер:

- жоспарлы тексерулер алынып тасталады;

-ШОБ субъектісін салықтық тексеру барысында құжаттарды ұсыну туралы талапты тек 2 рет табыс етіледі;

- Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тексеру жүргізудің жалпы мерзімін 180 күнтізбелік күнге дейін шектеу белгіленген;

-Салық органының қызметкерлері тексерілетін салық төлеушімен электрондық тәсілмен әрекет етеді (салықтық тексеру құжаттарын, түсіндірмелерді, тексеру актісі мен хабарламасын веб-портал арқылы электрондық тәсілмен тапсыру мүмкіндігі енгізіледі);

- Нұсқама қолма-қол табыс етіледі.

 

2. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердітөлеу жөніндегі салықтық міндеттеменімәжбүрлеп орындату

Өсімпұл ұғымында оны есептеудің 2 еселігі белгіленген. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне:

0,65 еселенген өсімпұл - деңгейлес мониторингке қатысушы үшін;

1,25 еселенгені - өзге салық төлеушілер үшін қолданылады.

Салық берешегінің шекті мөлшері ұғымы енгізілді. Салықтық берешектің шекті мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерінде айқындалып, ол салықтық міндеттемені қамтамасыз етудің әрбір тәсілі немесе салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың әрбір шарасы үшін жеке-жеке қолданылады.

Өндіріп алудың жаңа тәртібіне сәйкес:

20 АЕК-ке дейін – хабарламаны жолдау және өсімпұлды есептеу;

20 АЕК-тен астам - хабарлама жіберу, өсімпұл есептеу, шоттарды бұғаттау және инкассалық өкімдер шығару;

45 АЕК-тен астам - мүлікке тыйым салуды, дебиторлардан өндіріп алуды қоса алғанда, барлық өндіріп алу шаралары;

27 000 АЕК-тен астам  - шет елге шығуға тыйым салу (сот шешімі бойынша 3 айдан астам берешек өтелмеген жағдайда).

Әлеуметтік төлемдер

Тәуекел дәрежесін есепке алмай, әлеуметтік төлемдер бойынша 6 АЕК-тен астам мөлшердегі берешекті өндіріп алу қарастырылған.

 

Екі ай қатарынан 2500 АЕК мөлшеріндегі салық берешегі болса, борышкердің банк шоттары бойынша қаражаттың қозғалысы туралы мәліметті ұсыну

 

Салықтық тексеру мен салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату жөнінде туындаған сұрақтар бойынша Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына  87123751205,50970 телефон нөмерілеріне хабарласуға болатынын қаперге береді.

 

​​​«Есепке алу, талдау, салықтық бақылау

  және өндіріп алу» бөлімнің бас маманы

     С.Б.Умарова 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT